Қаратау ауданына қарасты Азат шағынауданына көгілдір отын желісі жеткізілді. Мұнда жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуық табиғи газ құбыры тартылып, нәтижесінде 519 абонент газ тұтынады.
Мулкеманов, «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысты. Жергілікті тұрғындар шаһар басшысы бастаған жауапты мамандарға аудандағы инфрақұрылымды жақсартудағы жұмыстар үшін алғысын айтты.
– Қала тұрғындарына есеп берген кездесулерде де айтылғандай, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бес жылдық жоспары бар, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Оның ішінде ең өзектілері – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Көп елдімекенде мектептер, су, жарық, газ және жол болмаған. Қазіргі таңда сол жұмыстар кезегімен атқарылуда. Бұл жолы Азат шағынауданындағы жаңақұрылыс аймағына табиғи газ беріліп отыр. «ҚазТрансГаз» мекемесіне газды тұрғындарға жылу маусымы басталғанша қосу тапсырмасы берілді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Алғашқы газды қосу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов, әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді
Мулкеманов, «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысты. Жергілікті тұрғындар шаһар басшысы бастаған жауапты мамандарға аудандағы инфрақұрылымды жақсартудағы жұмыстар үшін алғысын айтты.
– Қала тұрғындарына есеп берген кездесулерде де айтылғандай, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бес жылдық жоспары бар, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Оның ішінде ең өзектілері – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Көп елдімекенде мектептер, су, жарық, газ және жол болмаған. Қазіргі таңда сол жұмыстар кезегімен атқарылуда. Бұл жолы Азат шағынауданындағы жаңақұрылыс аймағына табиғи газ беріліп отыр. «ҚазТрансГаз» мекемесіне газды тұрғындарға жылу маусымы басталғанша қосу тапсырмасы берілді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, жылдың соңына дейін тағы 7 елдімекенге газ беріледі. 2023 жылы Шымкент тұрғындарының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 90 пайызға жеткізу жоспары бар. Ал жалпы 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз орындалмақ.
Айта кетейік, мұнда қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалының өкілдері абоненттеу жұмысын жүргізуде.