Шымкентте шеберлер мен жұмыскерлерге ерекше құрмет көрсетілді

0

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Плов Хаус (Plov House) дәмханасында өткізілген мерекелік іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың, мекеменің басшысы Нұрлыбек Сапарұлы Наухамбаевтың және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлшері Бақдаулет Табысұлының қатысуымен, қаланың тазалық жұмыстарын атқаратын шеберлермен және жұмыскерлермен, мекеменің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың қалжағдайларымен танысып, жыл қорытындысы бойынша жеткен жетістіктерін баяндап, алда келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісін, «Құрмет грамоталарын», «Алғыс хаттарын» және Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарын», сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерінің балаларына арнап дайындаған жаңа жылдық тәттілер сыйлықтарын табыстап, шеберлер мен жұмыскерлерге арнап жазылған мерекелік дастарханға ас тарту етіліп, әруақтарға арнап құран бағышталды.

Іс-шара соңында мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті атынан «Қызмет» салалық кәсіподағының жұмыстарына сәттілік тілеп, шынайы ризашылықтарын білдірді.

Алда келе жатқан жаңа жылымыз жақсылықтар мен қуаныштарға толы жыл болсын!

Еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық салаларында жетістіктер мол болсын!

Марапаттарыңыз құтты болсын қала тұрғындарына тазалық сыйлаушы азаматтар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *