Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Ғылым және білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Шымкент қаласы тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесуде Вице-министр министрліктің атқарған жұмыстары, алға қойған жоспарлары мен бастамалары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Жоғары білім берудегі негізгі басымдықтарға тоқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бүгінге дейін жүзеге асырған жобалары жөнінде, білім мен ғылым саласының маңызды сұрақтары туралы сөз қозғады. Оның ішінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің «Ұлттық қор —балаларға» жобасынан айырмашылығы мен тиімділігі туралы кеңінен түсінік берді. Жас ұрпақтың сапалы білім алуын ойлаған ата-ана бұл туралы толыққанды мәліметті министрлік сайтынан алуға болытынын жеткізді. Сондай-ақ, жоғары білім берудің қолжетімділігі, озық кадрлық қамтамасыз ету, үздік білім беру жүйесін дамыту сияқты тағы басқа басымдықтардың негізгі мақсатын айқындады. Кездесуге қатысушылар жоғары білім саласына байланысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуден кейін Талғат Ілиясұлы арнайы брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Журналистерді жоғары оқу орындарының лицензиясы, педагогикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен қолдауға арналған сұрақтар қызықтырып, тұшымды жауап алды.