Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жұмыс жасауда. Пилоттық жобалар: 

  1. Қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша жасанды интеллектті қолдана отырып, «Телерадиология» медициналық бейнелерді орталықтандырылған мұрағаттау жобасын іске асыру тәжірибесін зерделеу шеңберінде, екі жақты Меморандум жасалды. 
  2. №2 қалалық ауруханасының медициналық ақпараттық жүйесін ақпараттандыру және автоматтандыру мақсатында «GALAMAT-SYSTEM» компаниясыменмен бірлесе отырып, «MedisArnica» медициналық ақпараттық жүйесі пилоттық жоба жұмыс жасауда. 
  3. Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында қолдануда тұрған медициналық жабдықтардың басқаруына сыртқы техникалық аудит жүргізуге «АльфаМедГрупп» ЖШС-мен бірлесе отырып, Меморандум жасалды. 
  4. №12, 13 қалалық емханаларда «SmartЭКГ» жүйесі жұмыс істеп тұрған ЭКГ аппараттарын цифрландыруға және жаңа құрылғыны сатып алмай-ақ сандық ЭКГ сигналын жасау пилоттық жоба жұмыс жасауда. Жүйе ЭКГ зерттеулерінің қорытындысын қашықтықтан пациентті тікелей қабылдаусыз оқуға және жасанды интеллект пайдаланып қорытынды жасау үшін қолданылады. 
  5. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасымен бірігіп HR-процесс электрондық HR менеджері TEMIR «Бұлтты HR жүйесін» пилоттық жоба ретінде медициналық мекемелерге ендіру бойынша Меморандумға қол қойылды.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *