Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы — мектеп оқушылары арасында «Жастар лигасын» өткізуді қолға алған. Қараша айының алғашқы аптасында басталған бұл жарыс спорттың 9 түрін қамтиды. Бұған дейін бірнеше спорт түрлері бойынша үздіктер анықталған еді. Ал, бүгін мектеп оқушылары футбол, шахмат және волейболдан өз ара мықтыны анықтауда.

— Жоба — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында қолға алынған. Қазіргі таңда білім басқармасы мен ішкі саясат және жастар  істері жөніндегі басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе ұйымдастырылуда. Бұл лигаға 9 спорт түрлері бойынша 5332 бала қамтылуда. Ал, жастар лигасының қорытынды мамыр айының соңында болмақ,-дейді Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекция басшысының орынбасары Қазыбек Нұрболатұлы.

Үздік деп танылғар командалар мен жас спортшылар алдағы уақытта бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталмақ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *