«Қазақстан — 2050» стратегиясы — мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.

Spread the love

«Қазақстан — 2050» стратегиясы — мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.

Н.Назарбаевтың бағдарламаны айқындаудағы басты мақсаттарының бірі халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартып, мемлекеттік активтердің тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету болатын. Қазақстан — әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика. Сондықтан оны өте тиімді басқару қажет. Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс, ал мемлекет оның өзегі болуға тиіс. Корпоративтік ойдың қуаты барлық процестердің біртұтас алып қаралуында жатыр. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарушылар осындай бизнес-пайымға үйренуге тиіс. Қайталап айтамын: елдің бюджетін жай бөліп қана қоймай, ойлы да салмақты инвестициялау қажет. Тиімділіктің басты өлшемі – біздің салымдарымыздан түсетін қайтарым деңгейі. Елдің өндірістік әлеуетін неғұрлым еселей алсақ, Қазақстан халықаралық нарықта қосалқы емес, соғұрлым тезірек әлеуетті ойыншыға айналады. • Ұлттық  қор  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшудің  «локомотиві»  болуға  тиіс. Ұлттық қордың қаражатын бірінші кезекте ұзақмерзімдік стратегиялық жобаларға бағыттау керек. Ұлттық қорда қаражат жинақтау жалғасуы тиіс, бірақ бұл қаражатты мейілінше тиімді де ойластырып пайдалану керек.

  • Мемлекет Үшінші   индустриалдық   революция   нәтижесінде   пайда   болатын

секторларды ескере отырып, ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыруы тиіс. Ұлттық индустрия біз өз елімізде өндіруге тиіс ең жаңа композиттік материалдарды тұтынуы керек.

  • Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуды

ынталандыруы тиіс. 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы біз әлемдік ақпараттық ағындардың кем дегенде 2-3%-ын өткізуге тиіспіз. 2050 жылға қарай бұл цифр кем дегенде екі еселенуге тиіс.

  • Сонымен қатар, жеке     компаниялардың       өз    қаражатын       зерттеулер      мен

инновацияларға салуын ынталандыру керек. Мына нәрсені баса айтқым келеді: инновацияларды енгізудің маңызы зор, бірақ бұл басты нысана емес. Біздің жаңа технологиялар сұранысқа ие болғанда ғана, олар нарықта қажет болғанда ғана ел нақты пайда алатын болады. Олай болмаған күнде инновация – ақшаны босқа шығындау деген сөз.

  • Жекелеген компаниялар мен  салаларды  іріктеп  қолдау  тәжірибесін  тоқтату керек. Біз әлеуметтік-маңызды стратегиялық функцияларды атқаратын және өзінің тиімділігін дәлелдейтін салаларды ғана қолдауға тиіспіз.

Медиаон ақпарат

283 сөз

Стратегия «Казахстан-2050» — модернизация системы управления государственными активами.

Одной из главных целей Н.Назарбаева в определении программы было улучшение жизни населения и обеспечение эффективного функционирования государственных активов. Казахстан-это небольшая экономика в мировом масштабе. Поэтому ему необходимо очень эффективно управлять. Страна должна работать как единая корпорация, а государство должно быть ее ядром. Мощность корпоративной мысли лежит в едином рассмотрении всех процессов. Государственные управленцы всех уровней должны научиться такому бизнес-видению. Повторяю: необходимо не просто выделить бюджет страны, но и инвестировать в разумные и взвешенные инвестиции. Главный критерий эффективности-уровень возвратности от наших вкладов. Чем быстрее мы сможем увеличить производственный потенциал страны, тем быстрее Казахстан станет потенциальным игроком на международном рынке. • Национальный фонд должен стать «локомотивом» перехода к новой экономической политике. Средства Национального фонда необходимо направить в первую очередь на долгосрочные стратегические проекты. Накопление средств в Национальном фонде должно продолжаться, но эти средства необходимо максимально эффективно и продуманно использовать.

* Государство образуется в результате третьей индустриальной революции

с учетом секторов, через национальные компании должны стимулировать развитие экономики будущего. Национальная индустрия должна потреблять самые новые композитные материалы, которые мы должны производить в своей стране.

* Государство обеспечивает развитие транзитного потенциала в сфере информационных технологий

должно стимулировать. К 2030 году через Казахстан мы должны провести не менее 2-3% мировых информационных потоков. К 2050 году эта цифра должна быть как минимум удвоена.

  • Кроме того, исследования и использования собственных средств частных компаний;

надо стимулировать вложение в инновации. Хочу подчеркнуть, что внедрение инноваций имеет большое значение, но это не главная цель. Только тогда, когда наши новые технологии востребованы, страна будет получать реальную прибыль только тогда, когда они нужны на рынке. В противном случае инновация-это то, что деньги тратят на пустые.

* Следует прекратить практику выборочной поддержки отдельных компаний и отраслей. Мы должны поддерживать только те отрасли, которые выполняют социально-значимые стратегические функции и доказывают свою эффективность.

Медиаон информация

297 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *