Шымкент телеарнасының қызметкерлері марапатталды

0

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалына арнайы барып, мекеме қызметкерлерін «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, кәсіподақ мүшелерінің белсенділеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының редакторы, журналист Дүйсенбі Кенжехан Сұлтанбекұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының ауысым эфир инженері Байларов Бақыт Ілиясұлы, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының телеоператоры Битабаров Нуридулла Сәбденұлы «Құрмет грамоталарымен» және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының редакторы, журналист Арынбек Күнту Айтбекұлы, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының кіші қызметкері Дәрібаев Батырбек Тұтқабайұлы «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Мекеменің директоры Қыдыров Уали Сағындықұлы ұжым мүшелерін мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *