Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Әкім Еңбекші ауданы, Сайрам көшесінің бойында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан жаңа қоғамдық орын құру жұмысымен танысты.

Аумағы 10 000 шаршы метрден асатын бұл жерде қала тұрғындарының жайлы демалысы үшін орындық пен әткеншектер, жарықшамдар және екі спорт алаңшасы орнатылады. Сонымен қатар саябақ аумағында сакура мен платан көшеттері отырғызылып, автоматты суару және дренаж жүйесі бар көгал жасалады. Бұл нысанды келесі аптада тұрғындардың игілігіне тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, кондитерлік өнім шығаратын “Рахат Шымкент” ЖШС-нің жұмысымен де танысты.  Кәсіпорында 440-тан астам жұмыс орны ашылған. Келесі жылы мұнда жабдықтарды жаңғыртып, өнім көлемін арттыру көзделіп отыр.

Сонымен бірге қала басшысы теміржол вокзалы аумағындағы көктайғаққа байланысты тұрғындардың шағымын да назардан тыс қалдырмады. Жағдаймен танысып, жауапты мамандарға қарды тазалау және шығару жұмыстарын күшейтуге тапсырма берді.  Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін кіреберіс пен жол төсемдерін мұзға қарсы реагенттермен (техникалық тұз) өңдеуді міндеттеді. «Алдағы уақытта әріптестеріммен бірлесе отырып, осы аумақтағы мұзға қатысты мәселені шешу жолдарын жан-жақты қарастырамыз» деді, шаһар басшысы.

Әрі қарай Тұран ауданында орналасқан №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысына барды. Нысан келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Қала басшысы мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау бойынша тапсырма берді.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданындағы “Мұз сарайын” аралап, спортшыларға жасалған жағдаймен де танысты. Жаттықтырушылармен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесіпғ   бұқаралық спорт пен балалар-жасөспірімдер спортына басымдық беруді жалғастыратынын айтты.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *