Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік-экономикалық ахуалға әсер ететін басты мәселелерді шешу және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда. Бүгінгі өткен брифинг тақырыбы да кәсіпкерлік субъектілерін қорғау және бюджет қаражаттарын жымқыруға қарсы күрес бағытындағы жетістіктер жөнінде болды.

– Шымкент қаласының дамуына әсер ететін бірнеше жүйелі проблема анықталып, оларды шешу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтқанда мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы және контрабандасы. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу басты басымдықтардың бірі. Бюджет қаражаттарын жымқыру және жылыстату бойынша, әсіресе құрылыс және әлеуметтік нысандарды жөндеу үшін бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Экономикалық контрабанда, оның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес. Цифрландыру және криптовалюта, осы саладағы қылмыстарды анықтау және алдын алу. Адал кәсіпкерлікті қорғау, бизнесті заңсыз қылмыстық ортаға тартуға жол бермеу, – дейді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы  Бақыт Қайшыбеков.

Басшының берген мәліметінші 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 105 қылмыстық істі тіркеп, өндірістегі істердің 80%-ы аяқталып, қылмыстық әрекеттерден келген жалпы залал көлемі 16,5 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде, 5,7 миллиард теңге өндіріліп, 4,5 миллиард теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынған. Өндіріп алу көрсеткіші 62,2 пайызды құрап отыр. Бұл бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға қарсы бағытталған тиімді шаралардың нәтижесін көрсетеді.

Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларды қылмыстық ортаға заңсыз тартуға жол бермеу. Бұл бағыт қатаң бақылауға алынған. Мемлекет басшысының және Қаржылық мониторинг агенттігінің тапсырмаларына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін жан-жақты шаралар жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта департамент өз жұмысын одан әрі жетілдіріп, адал кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырады. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін заңсыз әрекеттермен күресу негізгі басымдық болып қала береді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *