Шымкентте әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу динамикасы жоғары

0

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баспасөз-брифингін өткізді. Қала әкімі өз баяндамасында Мемлекет басшысының өзіне қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыруды тапсырғанына тоқталды.

Алдағы уақытта өзіне жүктелген міндеттерді орындауда алдымен қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсім динамикасын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бар күш жігерін салатынын айтты.

Шаһардың әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштеріне тоқталған қала басшысы биылғы  жылдың 10 айында инвестиция  көлем  22 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 15 пайызға, бөлшек сауда көлемі 19 пайызға, көлік қызметі 21 пайызға, өнеркәсіп өнім көлемі 1,7 пайызға артқандығын жеткізді. 2023 жылдың қорытындысымен экономиканың өсу қарқынын 4,2 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, қала басшысы өз баяндамасында қала экономикасын жақсарту және қала халқын жұмыспен қамту мақсатында өндіріс орындарын аша отырып, инвестиция тарту бірінші кезектегі басымдықтарымыздың бірі екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *