Ұландықтар 1 мамыр – халықтар бірлігі мерекесіне орай сайысқа түсті

0

Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде 1 мамыр халықтар бірлігі күні мерекесіне орай жауынгерлер арасында әртүрлі ұлттың өнері мен дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті.

Сайысқа өзбек, қырғыз, орыс, түрік ұлтының өкілдері қатысып, сәлемдесу, ұлт өнерін көрсету, салт-дәстүрін таныстырудан сайысқа түсті.

Бәйгеде барын салған жауынгерлерімізге бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Утенов Арман Калмұратұлы бастаған әділқазы алқасы баға берді.

Мерекелік шараға Шымкент қалалық “Қоғамдық келісім” ұйымы грек этномәдени орталығының басшысы Папуциди Елена Владимировна мен этномәдени орталықтың өнерпаздары да қатысты.

Бабы мен бағы қатар шауып алға шыққан 1 атқыштар ротасының жауынгерлері өзбек ұлтының өнерін ортаға салып бас жүлдені иеленсе, орыс мәдениетін насихаттаған 4 жеке атқыштар ротасы 2 орынды қанжығасына байлады. “Ең әдемі ұлттық киім” номинациясын түрік ұлтының өкілдері 2 атқыштар ротасы иеленсе, 3 атқыштар ротасының қырғыз әнін орындаған қатардағы жауынгері Есімов Дәулеткерей “Үздік ән орындаушы” номинациясын жеңіп алды.

Қызықты сайыс грек этномәдени орталығы өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *