Түркістанда шаңырақ күнінде бірқатар шара өтті

0

Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні. Жалпы шаңырақ қастерлі ұғым,  жастарды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу құралы. Атаулы күні Түркістан қаласындағы Неке сарайында үш жұп шаңырақ көтеріп, некеге тұрды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар.

Некелесу рәсіміне Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және Түркістан қаласы әжелер алқасының мүшелері барды. Алтын жаулықты аналар жастарға батасын берді.

Отбасы құндылығын дәріптеуге, маңыздылығын арттыруға бағытталған іс-шара «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» кездесуімен өрнектелді. Жиында елу жыл және жиырма бес жыл отасқан жұп жастарға ақылын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *