“Шымкенттің бір мақтанышы — “Шымкент цирк”

0

Елімізде “Циркі жоқ” қаншама аймақтар бар. Шымкентте шүкіршілік. Өз циркі бар. Шымкенттің бір мақтанышы- “ШЫМКЕНТ-ЦИРК” мекемесі.  Өмірін қауіпке тігіп, күрделі өнерін көрсеткен ғажайып жандар шоғырланған ұжым. Басшы тұрақтап, ұжым ұйысқан жерде береке барын “Шымкент цирк” мекемесі  дәлелдеп келеді. “Сөзіңді біреу сөйлесе, тілің қышып бара ма?..” деген бар. Оңтүстік мәдениетіне 30 жылдан бері олжа сап жүрген Нурлан Әділханов басқаратын “Шымкент цирктің” толағай табыстары жайлы Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы әдемі жазыпты. Бүйдепті:  “Шымкент цирктің өнерпаздары 2011 жылдан бері көрермендерді саф алтындай таза өнерімен тәнті етіп келеді. Кәсіби әртістер әр нөмірге ерекше дайындықпен қойылымдарды ұсыну арқылы халықтың адамгершілік, эстетикалық көзқарасын қалыптастыруды, жас көрермендердің талғамын өсіруге ықпал етуді, заманауи жанрларды ұсыну арқылы мегаполистің мәдени әлеуетін шарықтатуды басты мақсат еткен. Дәл қазір репертуарлық қорында 22 бағдарламасы бар циркке жылына 90-100 мың көрермен келеді.

–Цирк өнерпаздары алдағы Наурыз мерекесіне «Әуе гимнастары» номерін ұсынғалы жатыр. Бұл нөмірде әртістер 18 метрлік биіктікте күмбез астында еркін қалықтап, адам арманын, қиялын алысқа бағыттайтын романтикалық аттракцион торлармен, сәнді костюмдерімен көрерменді таң қалдырады деген ойдамыз. Дәл сондай қызығушылық пен таңданыс тудыратын картина – батутта секірушілердің таңғажайып номерлері де бар. 2024 жылға жоспарланып отырған тағы бір жоба – «Күш атасын танымас» деп аталатын бағдарламаны жүзеге асыруды ниет еттік. Шымкент аренасында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Монғолия ауыр атлеттерінің басын қосып, алыптар шеруін өткізуді көздеп отырмыз. Спорттық-театрландырылған бұл жоба бірқатар елдің цирк әртістері мен спортшылардың қызығушылығын тудырып отыр. Аталған жобамыз қазақ циркінің майталманы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне арналады,–дейді

Шымкент-Цирк мекемесінің басшысы Нұрлан Ыдырысұлы”-деп әріптестеріміз цирк ұжымына оң баға беріпті. Бәрекелді.

Ізденімпаз қыз-жігіттері hәм Нұрекеңдей басшысы бар Шымкент Цирктің шығар шыңы алда деп сенемін! Бұйыртса, “Шымкент цирк” қойылымына немерелерімді ерте барам.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *