«Мемлекет іргесінің берік болуы — батыл да айбатты, ержүрек жауынгерлердің қолында». Тарихи өлкетану мұражайында өткен «Айбынды жастар – Жаңа
Қазақстанның тірегі» атты әскери-патриоттық іс-шарада ҚР Қарулы Күштері ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Онбаев осылай деді. Ерлік сабағына «Жас сарбаздар» кадет мектебінен 60-қа жуық оқушы қатысты.
Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департаменті мен білім басқармасының бастамасымен өткен жиында жастар ардагерлермен кездесіп, рухани әңгіме өрбітті.
– Болашақ Отан қорғаушылар – біздің жастар. Оларға жыл сайын ардагерлердің қатысуымен өтетін ерлік сабағын беруден жалыққан емеспіз. Білектің күшімен, найзаның ұшымен қалдырған ата-бабамыздың жерін қорғайтын осы азаматтар болғандықтан, оларға тәрбие беру үшін аянбай еңбек етеміз, – деді Серікбай Онбаев.
– ерлік сабағы ел тарихын тануымен басталды, – деді жас сарбаз Н.Тәліп. – Тарихи өлкетану мұражайына жиналған жастар елі мен жерін қорғауда аянбаған ата-бабаларымыздың тарихына қанық болдық. Осындай іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарыма алғыс айтамын!
Айта кетейік, жас сарбаздар Қарағанды облысы Спаск қаласында өткен республикалық сегізінші «Айбынды жастар» жарысында 40 команданың арасына оза шауып, бірінші орынды иеленген болатын.

Айдана МҰХТАРОВА