Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар!
Конституцияның 1-бабының 1-тармағында адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы деп белгіленген.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 19-бабына сәйкес газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
Алайда көптеген тұтынушылар газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезінде аталған міндеттерін орындамай, өздерінің және жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде.
Атап айтқанда, 2022 жылдың 10 айында қаламызда табиғи газбен уланудың 209 фактісі орын алып, 215 адам зардап шегіп, олардың ішінде 9 адам қайтыс болған.
Сондықтан өздеріңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндірмей, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін газ тұтыну жүйелерініз бен газ жабдықтарыныздың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ол үшін «www.I-Shymkent.kz» порталын пайдалана отырып тәуелсіз ұйымдармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасып, осы ұйымдар тарапынан сапалы тексеріс жүргіздіру қажет.
Ал осы талаптарды сақтамаған жеке тұтынушылар газдан ажыратылып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының негізінде әкімшілік жауаптылық (жеке тұлғаға 21,4 мың теңге айыппұл) көзделсе, сапасыз қызмет көрсеткен ұйымдарға ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық қарастырылған.
Сонымен қатар егер газ таратушы немесе аттестатталған тәуелсіз ұйымдар сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына немесе прокуратура органдарына шағымдануларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласының прокуратурасы
«Осторожно – угарный газ»
Уважаемые жители города и гости!
Пунктом 1 статьи 1 Конституции установлено, что высшими ценностями Республики Казахстан являются человек, его жизнь, права и свободы.
В соответствии со статьей 19 Закона «О газе и газоснабжении» владельцы газопотребляющих систем и газового оборудования обязаны обеспечивать их надлежащее техническое состояние и безопасность.
Запрещается эксплуатация газопотребляющих систем и газового оборудования коммунально-бытовых и бытовых потребителей без заключения договора на их техническое обслуживание.
Однако многие потребители при эксплуатации газопотребляющих систем и газовых оборудовании, рискуя своей жизнью и здоровьем, а также близких родственников, не выполняют указанные обязанности, которые приводят к негативным последствиям.
Так, за 10 месяцев 2022 года в нашем городе произошло 209 фактов отравления природным газом, от которого пострадали 215 человек, из них 9 с летальным исходом.
Чтобы не подвергать опасности вашу жизнь и здоровье близких людей, в целях недопущения несчастных случаев призываем обеспечить техническое состояние и безопасность газопотребляющих систем и газового оборудования.
Для чего с использованием портала «www.I-Shymkent.kz» необходимо заключить договора с независимыми организациями на техническое обслуживание газопотребляющих систем и газового оборудования, и обеспечить качественную проверку со стороны этих организаций.
За несоблюдение вышеназванных требовании потребителями предусмотрена административная ответственность по статье 306 КоАП РК (штраф 21,4 тыс. тенге физическому лицу) с отключением от систем газоснабжения.
Кроме того, для организации оказавших некачественные услуги, предусмотрена административная ответственность по статье 299 КоАП РК.
Также в случае некачественного оказания услуг газораспределительными или аттестованными независимыми организациями просим обратиться в управление контроля и качества городской среды или органы прокуратуры.
Прокуратура города Шымкент