Ана мен бала өмірін сақтауда өткен 35 жыл. Медицина саласында еңбек еткен шымкенттік дәрігер Гүлбану Сыздыкова осыншама уақытын аналардың аман қалып, дені сау баланың туылуына сарп еткен. Еңбекқорлығымен көпке сыйлы болған маман бүгінде ғылыми ізденісін жалғастырып, медицинаның озық тәжірибелерін әріптестеріне үйретуде. Гүлбану Сыздыкованың күнделікті 12-14 сағаты ауруханада өтеді. Ем-домның науқастарға қалай әсер етіп жатқанын, нәтижесін бақылайды. Арасында бірнеше операцияға да қатысады. Жас аналарға көмек көрсетіп олардың дұрыс босануына септігін тигізеді. Бұл орталықта жылына 8 мыңнан-10мыңға дейін ана босанады. Олардың басым бөлігі дені сау сәбиді дүниеге әкеледі. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда орталықта ана мен бала өлімі 3 есеге азайған. Бұған себеп, қызметкерлердің біліктілігі мен соңғы үлгідегі техникалардың көмегі дейді бас дәрігер.

Көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуынан,  бала туу саны соңғы жылдары өсіп, ана мен бала өлімі азайған. Гүлбану Жұмағалиқызы жұмыс барысында отбасылық құндылықтар мен ана бақытын  да насихаттауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ, түсік жасаудың алдын алу бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды да жүргізеді. Пациенттермен қарым-қатынас жасаудың тамаша дағдыларын өз ұжымына енгізген.

Гүлбану Сыздыкова жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін, 2016 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, 2020 жылы «Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *