Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды. Операция 6 сағатқа созылған.

828

 

Бауыры алмастырылған науқас 5 жылдан бері созылмалы бауыр циррозымен есепте тұрған. Қазір оның жағдайы жақсы, реанимациядан палатаға ауыстырылды.
– Мұндай операция Оңтүстік өңірінде алғаш рет жасалып отыр. Марқұмның туыстары мәйіт донорлығына заңды түрде келісім берді. 16 қарашада түнгі сағат төртте отаны бастадық. Мәйіт донорының өзге де ағзаларын Астана мен Астана қаласындағы емдеу мекемелерінің мамандары санавиациямен әкетті. Ал операциядан кейін төртінші тәулікте науқас өздігінен тұрып жүр. Жағдайы жақсы. Негізінде мәйіт донорлығынан операция сирек жасалады, оның үстіне дүние жүзінде донор тапшы. Шымкентте ағза алмастыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Бүгінге дейін 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды, – дейді дәрігерлер.Білім – ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі жаһандану заманында жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.Білім – ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі жаһандану заманында жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді» дегендей, өмір бойы білім алып, білімді болу — қоғамда өз орнын табудың кепілі.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді» дегендей, өмір бойы білім алып, білімді болу — қоғамда өз орнын табудың кепілі.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері берген мәліметке сүйенсек, қалада жыл басынан бері түрлі науқастарға 477 жоғары технологиялық ота жасалған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұған қоса 2022 жылы медицина мекемелеріне жаңа 7 жабдық сатып алынды. Соның нәтижесінде жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету қатары көбейіп, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.