2022 жылдың 1-ші мамыр күні, сағат 10.00-де «Астана» алаңында «1-Мамыр Қазақстан халықының бірлігі күні» мерекесіне арналған іс шара өтеді.
Елімізде жыл сайын 1-мамыр күні Қазақстан Республикасы халық бірлігі күні аталып өтіледі. Елімізде 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Аталған мереке Қазақстан Респбуликасы Тұңғыш президенті — Елбасының 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығы бойынша, 1996 жылы 1- мамырдан бастап елімізде тойлана бастады. Қазақстандық ұлтаралық татулық үлгісі де бірлікке негізделген. Жаңа ғасырда мемлекетте жаңаша түлеп, ұлттар арасындағы ыстық ықыластықты дәріптеуге бет алған Мамыр мерекесін жаңғыртудың түпкі мәнісі осы — бірліктің, ынтымақ пен берекенің игілігіне шақыру деп білген ләзім.
Бүгінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел ішіндегі тұрақтылыққа айрықша мән беріп, келісім мен бірлік, даналық пен өзара түсіністікті басты мүддеге айналдырды.
Мерекелік іс-шара «Қазақстан бейбітшілік мекені» театрландырылған хореографиялық қойылыммен бастау алып, «Самғап ұшқан Қазақстан» әніне «Достық» шеруі мен хореографиялық композияцияға ұласады.
Құттықтау сөз Шымкент қаласы әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлына беріледі.
Шымкент қаласы өнерлі балапандарынан құрылған би ұжымдары және Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы әзірлеген өнерлері тарту етіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.