20 наурыз — «Даналық және білім күні»
«Ұлыстың Ұлы күні – 22 Наурыз» мейрамын аудан аумағында мерекелеуге байланысты бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Даналық және білім күніне» орай бүгін аудан әкімі Б.Батыршаев білім беру мекемелеріндегі үздік, оқу озаты, талантты, шығармашыл, ғылыми ізденімпаз, дарынды балаларды қолдау аясында 20 оқушымен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі балалардың әдеби танымдық өнерін тамашалап, білім жолында биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.
Ұлттық мереке қарсаңында «наурыз кәде», «наурыз қоржын» сыйлықтарын тарту етті.