Шымкентте биыл 15 шағынауданды сапалы интернетпен қамту үшін мобильді операторлардың базалық станциясын орнату жұмысы жоспарланған.

 

Қазірдің өзінде қажет 10 жер телімінің құжаты рәсімделіп, антенна-мачталық құрылғылары қойылды. Ендігі кезекте электр қуатын жалғау жұмыстары атқарылып жатыр. Ал қалған 5 елді мекендегі жер телімінің құжатын рәсімдеу аяқталуға таяп қалды.
Жыл соңына дейін көзделген барлық базалық станциясы қолданысқа берілсе, Асар, Мәртөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (мамандандырылған ХҚО), Ақжар, Достық, Ақтас, Ақжайық және Самал-3 шағынаудандарындағы 71 мыңға жуық тұрғын сапалы интернеттің игілігін көрмек.
Шаһарда тұрғындарды оптика желісімен қамту ісі де қарқын алған. Биыл 12 елді мекенге оптика желісін тарту жұмысы жоспарланып, қазірдің өзінде 8 елді мекен толықтай талшықты желіге қосылып отыр. Олар: Забадам, Солтүстік-Батыс, Самал-3, Құрсай, Қазығұрт және Қарабастау, Ақниет, Қайтпас-1 шағынаудандары.Соның нәтижесінде диқандарымыз бір мыңнан астам қосымша техника алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, егін егу және оны жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі екі есе артты. Ал диқандарға жеңілдікпен берілетін жанар-жағармай өнімдерінің көлемі 820 мың тоннаға дейін өсті. 2023 жылдан бастап көкөніс өнімдерін шығару үшін фермерлерге алдын ала, яғни, форвардтық несие беру бағдарламасы іске қосылады. Осы мақсатқа шамамен 100 миллиард теңге қаржы бөлінеді, – деді Мемлекет басшысы.Экономиканың түрлі саласында жаңа реттеу саясатына сай келмейтін 6,5 мыңнан астам талап анықталды. Енді Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді жедел енгізуі керек. 2024 жылдың басынан бастап жаңа тәсілдерге іс жүзінде көшуіміз қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бизнесті негізсіз және шектен тыс бақылауға, қылмыстық қудалауға жол беруге болмайды. Кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға, қылмыстық процеске заңсыз тартуды болдырмауға бағытталған кешенді шаралар қазірден бастап қолға алынып жатыр.
Ал Еламан, Қызылжар, Асар-2 және Қайнарбұлақ саяжайына талшықты желі тарту жұмысы жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 165 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылса, жалпы қала бойынша оптикалық желінің көрсеткіші 75 пайызға жетеді. Сапалы интернетпен қамту жұмыстары инвестициялық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.