2022 жылдың 22 тамыз күні AMANAT партиясының Келес аудандық филиалында Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің кызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағытында жиын өткізілді. AMANAT партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы А.Жұмабеков баяндама жасап, жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып жиынды қорытындылады.

 

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Шардара қаласы №4 ӨСБ, №38 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, 2022-2023 жылдарға жылыту маусымының басталуына байланысты Шардара ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтардың және көпбалалы аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлеріне газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақшылары таратылды.

 

«Аманат» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ. Еркебаев, аудандық мәслихаттың депутаты Қ. Спабекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды жол бермеу» тақырыбында 23.08.2022 жылы Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

«Аманат» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ. Еркебаев, аудандық мәслихаттың депутаты Қ. Спабекова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды жол бермеу» тақырыбында 23.08.2022 жылы Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің офицерлік құрамының өрт сөндіру және авариялық-құтқару, сондай-ақ, кезек күттірмейтін жұмыстарды дер кезінде ауыздықтау, шапшаң әрі тез орындауға машықтандыру деңгейін арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 23 тамыз күні Түркістан қаласы Жаңа қала шағын ауданы, 13 көше 23 құрылыс мекенжайында орналасқан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ауласында жоспардан тыс оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Жол дистанциясы 54» объектісі аумағында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты: химиялық авария орын алған жағдайда обьектіде құрылған азаматтық қорғау құрылымдарының іс-қимылдары пысықталды.

 

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Жол дистанциясы 54» объектісі аумағында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты: химиялық авария орын алған жағдайда обьектіде құрылған азаматтық қорғау құрылымдарының іс-қимылдары пысықталды.

 

Мақтаарал ауданы ТЖБ қызметкерлері және №20 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Досым Тұрғанбайұлы Асабаевпен бірге «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» бойынша және Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, қызметкерлерге түсіндірілді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және № 11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы «Аманат» партиясының өкілімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі А. Әбдіқадіров, Облыстық «Дін мәселесін зерттеу орталығының» теолог маманы Ж. Жорабек, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КМС-нің теолог маманы Ж. Битановтың қатысуымен Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және №6 ӨСБ, №23, №17 өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу», «Деструктивті діни ағымдардың алдын-алу» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыс өткізілді.

 

2022 жылдың 22 тамыз күні AMANAT партиясының Шардара аудандық филиалындағы Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағытында жиын өткізілді. AMANAT партиясының Шардара аудандық филиалының есепке тіркеу және статистика секторының меңгерушісі Сейдалиева Сәуле Құралбекқызы баяндама жасап, жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып жиынды қортындылады.

 

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жане №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында сенбілік ұйымдастырып, Келес ауданы аумағындағы осал топтағы азаматтардың, көп балалы аз қамтылған отбасылардың, мүгедектер мен зейнеткерлердің тұрғын үйлеріне барып, газ қондырғыларын, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама паракшаларын таратты. Аз қамтылған отбасыларға аудан әкімшілігі тарапынан орнатылған газосигнализаторлардың жарамды жағдайда екендігі тексерілді.

 

Қала әкімімен бекітілген Түркістан қаласы аумағындағы тұрғын үйлерге жылыту маусымында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің, улы газбен уланудың алдын-алу шараларын сақтау мақсатында, жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарының 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдармен (Полиция басқармасы, Тұрғын үй инспекциясы, ҚазТрансАймақ, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, Газ инспекциясы) бірге іс-шаралар жоспары жасалынған.
​Осы жоспарға сәйкес, қала аумағындағы әлеуметттік жағдайы төмен 482 отбасылары бар тұрғын үйлерге Басқарма қызметкерлерімен Газ инспекциясының мамандары, 6 сектор меңгерушілері бірлесе отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

Қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге тәлімгерлік жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлерін бейімдеу, патриоттыққа тәрбиелеу, рухани адамгершілікке және олардың мәдениетін арттырып, тәлімгерлікті жүзеге асыру, жас қызметкерлер арасында тәртіптік құқықбұзушылықтарды алдын-алу мақсатында, Қызметтің Кентау, Сауран, Түркістан қаласындағы өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанғали Иманғалиұлы Смаилов, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Калжигит Отжанович Маханбетов және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекболат Орынбаевич Турекуловтың қатысуымен тәлімгерлік жиналыс өткізілді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанғали Иманғалиұлы Смаилов жас қызметкерлердің таңдап алған мамандықтарын меңгеруіне көмек көрсету және өзінің қызмет атқарған уақытындағы қызықтары мен қиыншылықтары туралы бөлісті.

 

Сайрам ауданы Ақсу ауылында Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша «Сенбілік» рейттік іс-шара ұйымдастырды.

​2022 жылдың 20 тамызында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және №6 Өрт сөндіру бөлімі және № 17, №23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, әкімшілік, ҚазТрансГазАймақ, Оңтүстік Жарық Транзит мамандарымен бірлесіп,
Ақсу ауылының тұрғындарына «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» бойынша ауқымды түрде «Сенбілік» рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, «ELNUR TV» телеарнасы арқылы Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов аудан тұрғындарына және қонақтарына жоғарыда аталған тақрыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі және тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Отырар ауданының ТЖБ қызметкерлері және №9 ӨСБ, №30 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, аудан аумағындағы тұрғын үйлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары және газ жүйесі жүргізілуіне байланысты, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және қатты отын пайдаланушыларға құбырларын тазалап қою, газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті!

19.08.2022 жылы Келес аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары С. Жылкыбаевтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1.Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Аудан аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.
3. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары.
4. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру, байланыс жүйесі мен халықты хабарландыру шаралары туралы.
5. Азаматтық қорғаныс іс-шаралары туралы. Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Ғ. Қамбаров жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы баяндама оқыды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау басқармасының аға офицері капитан Б. Құрмаш кешенді оқу-жаттығу жүргізу тәртібі туралы баяндады.
Комиссия отырысын қорытындылай келе С. Жылкыбаев хаттамалық шешімімен комиссия мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.

 

Сарыағаш, Келес аудандарының қызметкерлерімен ауқымды жиналыс өткізілді!

📌Сарыағаш, Келес аудандарының ТЖБ-нің қызметкерлері мен №14, №19 Өрт сөндіру бөлімі және №25, №33 Өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, тәртіппен заңдылықты нығайту шаралары бойынша, қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризм және суицидтің алдын алу бойынша, жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыбында жиналыс өткізілді.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын.
Осыған орай, бүгін «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «ЖОЛ ЖҮРІСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕ АВТОКӨЛІКТЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ.

Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №20 Өрт сөндіру бөлімі, №21 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңы бойынша, жолда жүру және көлік айдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және алкогольдік ішімдіктерді ішпеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін қызметкерлердің жеке автокөліктері тексерілді.

 

2022 жылдың 19-ші тамызында Келес ауданы ТЖБ-нің және №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне Келес ауданы АПБ ЖПҚБ УПИ полиция инспекторлары полиция майоры Е.Сабитов және полиция майоры М.Тұраров ҚР Жол жүру ережелерін және ҚР ӘҚБтК көрсетілген жауапкершілігі туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әр қызметкердің өзі басқаратын жеке автокөліктерінің құжаттары және (дәрігерлік қобдиша,апаттық белгісі,тросс) т.б. құралдары тексерілді.

 

ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі Б.Мырзагелдиев, Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің найб иманы А.Нурматов, Жетісай аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі жол және Техникалық инспекция тобының мемлекеттік аға инспекторы полиция лейтенанты Қ.Турмахамбетов, Мақтаарал және Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімдерінің және №3 Мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімі, 20 Өрт сөндіру бөлімі мен 21,22 Өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, тәртіп пен заңдылықты нығайту және қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша жедел кеңес өткізілді.

ТО Төтенше жағдайлар департаментінің ӨС және АҚЖҚ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы кеңесті қорытындылады.

 

2022 жылғы оқу жылына арналған жасақтау жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 16-18 тамыз аралығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында Азаматтық қорғаныс басқармасымен «Азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары» санаты бойынша азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру сабақтары өткізілді.
Келген тыңдаушыларға ҚР азаматтық қорғау аясындағы негізгі заңнамалық актілері, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі және негізгі міндеттері, азаматтық қорғау саласында оқыту, ақпараттандыру және білімді насихаттау шаралары таныстырылды.
Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс шараларымен, бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғау, инженерлік, халықты радиациядан және химиядан қорғау, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері бойынша толық ақпараттар алды. Сондай-ақ, қатты әсер ететін улы заттармен улану аймағында құтқару мен шұғыл жұмыстардың ерекшеліктері мен төтенше жағдайлардың психологиялық қырларын үйренді.
Азаматтық қорғау саласында даярлықтан өткен тыңдаушыларға уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі сертификаттар берілді.

 

2022-2023 жылдарға жылыту маусымы басталмас бұрын Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және №12 ӨСБ-нің жеке құрамымен бірлесіп, Кентау қаласына қарасты ауылдарда өрттің алдын-алу жұмыстарына әлеуметтік осал топтағы азаматтардың және көп балалы аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұрғын үйлеріне газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақшалары таратылуда.

Үгіт насихат барысында төмендегі талаптар түсіндірілуде:
-Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. -Газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек.
-Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеру.
-Түтіндіктің «қалтасын» мерзімінде тазалап отыру.
-Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабу.
-Газ жабдығы жарамсыз болғанда арнайы мекеме қызметкерлерін шақырту.
-Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтату, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашу, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырту.
-От жақпауға, темекі тартпау, электр жарығы мен электр құралдарды қоспау және қосулы болса, сөндірмеу, электр қоңырауларды пайдаланбау.
-Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде ғана кіргізу.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табуда.

 

2022 жылдың 18-ші тамызында Шардара ауданы ТЖБ-нің және Шардара қаласы 4 ӨСБ, 38 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне Шардара ауданы АПБ ЖПҚБ УПИ полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А. Манапов ҚР Жол қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК көрсетілген жауапкершілігі туралы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әр қызметкердің өзі басқаратын жеке автокөліктерінің құжаттары және (дәрігерлік қобдиша,апаттық белгісі,тросс) т.б. құралдары тексерілді.

 

ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов ,Шардара аудандық орталық мешітінің ұстазы Е.Әбілда, Шардара аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Аманов «AMANAT» партиясы Шардара қаласы филиалының консультанты Л.Жоланова Шардара ауданы ТЖБ-нің және Шардара қаласы №4 ӨСБ, №38 өрт сөндіру бекетінің,Шардара жедел құтқару жасағының жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру,сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу,тәртіп пен заңдылықтың нығайту шаралары бойынша,қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризм және суицидтің алдын алу бойынша,жол қозғалысы ережелері тақырыбында жедел кеңес өткізілді.ТО ТЖД ӨС және АҚЖҚ бастығының орынбасары
Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы кеңесті қорытындылай келе жеке құрамға жұмыс барысында тәртіппен заңдылықты қатаң түрде сақтауды тапсырды .

 

Өрт-құтқару спортының жеңімпаздары марапатталды.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының конституция күніне орай, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы арасында 2022 жылға арналған спорттық іс-шаралар өткізу туралы жоспарына сәйкес, Қызметтің үздік спортшыларын анықтау, іріктеу, командаларды дайындау және олардың спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында, 2022 жылғы 16 тамыз күні жеке құрамның спорттық шеберлігі мен дене шынықтыру дайындығын арттыруға, өрт сөндіру-құтқару спортын Қызметтің құрылымдық бөліністері арасында кеңінен тарату мақсатында, өрт-құтқару спортынан жарыс өткізілді. Жарыс 3 кезеңнен тұрды:
1. Шабуыл сатысымен көтерілу.
2. Жылжымалы 3 иінді сатымен 3-ші қабатқа көтерілу
3. АЦ- автокөлігімен күштермен құралдарды өрістету.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды Сарыағаш ауданы, екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Аппарат қызметкерлерінен құралған топ командалары жеңіп, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Жеке есепте жүлделі орын алған спортшылар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.

 

ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиялының Атқарушы хатшысы Б.Ділдәбеков, Арыс қаласының бас имамы Қ. Қазыбаев, Арыс аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Қ.Битөреев Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №7 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу, тәртіп пен заңдылықты нығайту және қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жол қозғалыс ережелерін сақтау бойынша жедел кеңес өткізілді.
ТО Төтенше жағдайлар департаментінің ӨС және АҚЖҚ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы кеңесті қорытындылады.

 

Балалардың терезеден құлауынан сақ болыңыздар
2022 жылыдың 12-тамыз күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №12 ӨСБ жеке құрамымен Кентау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерге «Жас балалардың терезеден құлау фактілерін алдын-алу бойынша» түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.
Түсіндірме жұмыстары барысында Кентау қаласының көп қабатты үйдегі тұрғындарына төмендегі ережелерді сақтауға кеңес берілді.
— ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз;
— терезе жабылып тұрған кезде де терезенің алдына балаларды шығармаңыз;
— балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз;
— көп қабатты пәтерлерде жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

АУДАН ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!
📍12 тамыз-халықаралық жастар күнімен Сарыағаш ауданының әкімі, жастар саясатын жүзеге асыру барысында жастардың бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерді қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Кубелтай Мейіржан Ерболатұлын Алғыс хатпен марапаттап зор денсаулық, толағай табыс пен жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінуіне тілек білдірді!

 

Суда абай болыңыз.
Сайрам ауданы аумағында 2022 жылдың 13 тамызында рейдтік іс-шара өткізілді. Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және № 6 ӨСБ, Полиция қызметкерлерімен Ақсу және Арыс өзендерінде шомылып жүрген тұрғындарға «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен 364 баптың,1 тармағымен 3 адамға ескерту салынды. Сонымен қатар, «ELNUR TV» телеарнасы арқылы Басқарманың аға инженері азаматтық қорғау капитаны Н. Мекембаев аудан тұрғындарына және қонақтарына жоғарыда аталған тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Суға шомылуға тыйым салынған су айдындарына жүргізілген рейдтік іс-шаралар

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №13 өрт сөндіру бөлімі және Қазығұрт аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, 2022 жылдың 14 тамыз күні суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында, шомылуға тыйым салынған су айдындарына рейдттер жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылып, шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылып жүрген азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылды.

Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөліністерінде «Шекаралас аумақтағы орман, дала алқабындағы өртті сөндіру» тақырыбында 2022 жылдың 12 тамыз күні Түркістан облысы, Сауран ауданы және Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы мен шекаралас аумағында орын алған өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына қызметке құжаттарды қабылдау жүргізеді

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 12 – 22 тамыз күндері аралығы.
Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы 13 көше,  23 құрылыс, Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 107 кабинет.
Анықтама нөмірі: 8 705 372 83 24.
Лауазым: Өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкер (C-SV-13) – 3 бірлік, оның ішінде: Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы № 10 ӨСБ — 1 бірлік, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №23 ӨСБ -1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылындағы № 34 ӨСБ — 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: Отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен (қатардағы құрам) азаматтар, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар, кемінде орта білімі бар болуы қажет. «В», «С» дәрежелі жүргізуші куәлігінің болуы тиіс.
Лауазым: радиотелефонист (C-SV-13) — 3 бірлік, оның ішінде: Кентау қаласындағы №12 ӨСБ – 1 бірлік, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылындағы № 15 ӨСБ — 1 бірлік, Отырар ауданы, Маяқұм ауылындағы №30 өрт сөндіру бекеті-1 бірлік.
Лаузымдық нұсқаулықтары: Бекітілген байланыс техникалық  құралдарын жұмыс істеуін білуге және әрдайым тексеріп отыруға, кезекшілік барысында оларды таза және ақаусыз ұстауға міндетті. Бөлімнің шығу ауданының өмірлік маңызы бар қызметтермен әрдайым байланыс ұстап отыруға Қойылатын талаптар: Отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен (қатардағы құрам) азаматтар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар, кемінде орта білімі бар болуы қажет.

Толық ақпаратты ТЖД сайтынан көре аласыздар.

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сектор меңгерушілері, жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, тұрғын үйлерге, оның ішінде газдандырылған үйлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

✅ Тұрғын үйлерді аралау барысында өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

 

Аманат партиясының Төлеби аудандық филиалындағы дөңгелек үстел
2022 жылдың 9 тамыз күні Аманат партиясының Төлеби аудандық филиалында Төлеби ауданының №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Аманат партиясының Төлеби аудандық филиалының сектор меңгерушісі А.Елтай баяндама жасап, жеке құрам қызметкерлерінің қойылған сұрақтарына жауап берді.

 

Тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары.
Кентау қаласының ТЖБ қызметкерлері және №12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Кентау қаласы, Бала-Бүрген, Молда Мұса, Кенін Әзірбаев көшелеріндегі тұрғын үйлерге Кентау қаласына газ жүйесі жүруіне байланысты, газды қостыру жалғауды өз мамандарына қостыру арқылы пайдалануға болатыны айтып түсіндірілді. Газ жүйесін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларды сақтау және қатты отын жағатындарға құбырларын тазалап қою, жас балалардың көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлауын алдын алу шаралары жөнінде және суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Тұрғындарға жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қойылатын талаптар мен ережелердің сақталуының, газ жүйесін қолданғанда сақтық шараларын сақтау балалардың өмірін сақтайды.

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері 2022 жылдың 09 тамызында Аудан аумағындағы егіс алқаптарына және шөп орып жатқан орындарға барып, «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Орман, дала алқаптарында өртті көзіңіз шалса, шұғыл түрде «101», «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/ауыл округ әкімдігіне, орман шаруашылығына хабар беріңіз.
Есіңізде болсын, Сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз!

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сектор мамандары, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясы қызметкерлерімен бірігіп, қала аумағындағы тұрғын үйлерді аралап, газ қолдану кезіндегі қауіпсіздікті, және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Біз спортшыларымызбен мақтанамыз!

Қызылорда облысында «Қызылорда -2022» Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатқа Түркістан облысынан ерлер және әйелдер командасы қатысты.
Чемпионаттың 1 күні Әйелдер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 қабатына жүгіруден жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысының команда мүшесі Тұрсын Айдана 2 орынды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша жарыстың 1 күні 1 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 2 орынды Ақмола облысы, 3 орынды өзіміздің жерлестеріміз яғни, Түркістан облысы иемденді.
Жарыстың 3 күні Түркістан облысы спортшыларының әйелдер құрамасы эстафеталық жарыс түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді. 2 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орынды Шымкент қаласы командалары жеңіп алды.
Жарыстың 4 күні яғни, соңғы шешуші күні Түркістан облысы спортшыларының әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаю жарыс түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді. 2 орынды Қызылорда облысы, 3 орынды Нұр-Сұлтан қаласы командалары жеңіп алды.
Қызылорда облысында «Қызылорда-2022» Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионаттың қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы командалық есепте Түркістан облысының командасы 1 орынды, 2 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орынды Алматы қаласы командалары жеңіп алды.

 

Біз спортшыларымызбен мақтанамыз!

Қызылорда облысында «Қызылорда -2022» Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатқа Түркістан облысынан ерлер және әйелдер командасы қатысты.
Чемпионаттың 1 күні Әйелдер арасындағы шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 қабатына жүгіруден жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысының команда мүшесі Тұрсын Айдана 2 орынды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша жарыстың 1 күні 1 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 2 орынды Ақмола облысы, 3 орынды өзіміздің жерлестеріміз яғни, Түркістан облысы иемденді.
Жарыстың 3 күні Түркістан облысы спортшыларының әйелдер құрамасы эстафеталық жарыс түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді. 2 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орынды Шымкент қаласы командалары жеңіп алды.
Жарыстың 4 күні яғни, соңғы шешуші күні Түркістан облысы спортшыларының әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаю жарыс түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді. 2 орынды Қызылорда облысы, 3 орынды Нұр-Сұлтан қаласы командалары жеңіп алды.
Қызылорда облысында «Қызылорда-2022» Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионаттың қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы командалық есепте Түркістан облысының командасы 1 орынды, 2 орынды Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орынды Алматы қаласы командалары жеңіп алды.

 

Қызылорда облысында «Қызылорда-2022» — Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатының төртінші күнінде Түркістан облысы спортшыларының қыздар құрамасы жауынгерлік қанат жаю жарысы түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!!!

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Қызылорда облысында «Қызылорда-2022» — Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатының үшінші күнінде Түркістан облысы спортшыларының қыздар құрамасы эстафеталық жарыс түрінен жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді.
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз!!! Алдағы уақытта ерлер құрама командасына сәттілік тілейміз!

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Ақпараттық-аналитикалық тобының ұйымдастыруымен қала, аудан ТЖБ(б) қызметкерлеріне қызметтің тиімділігін бағалау мен табиғи және техногенді төтенше жағдайларға карточка деректерін толтыру жайында сабақ өткізілді. Сондай-ақ, сабақ барысында І жартыжылдық қорытындысы негізінде бағалаулар талданып, кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті.

05.08.2022 жылы Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М. Жанесеннің төрағалығымен кезектен комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі сұрақтар:
1. 2021 жылы аудан аумағында болуы мүмкін дала, тоғай, орман өрттерінің алдын алу, дайындығы туралы.
2. Рысқұлов, Машат ауыл округтеріндегі Арыс өзені арнасын туралау туралы.

2022 жылғы өрт қаупті маусымға дала, тоғай және орман өрттерінің алдын алу шаралары дайындығы туралы аудандық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Сапарбеков, Аудан көлеміндегі Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды өртке қарсы минералды жолақтарды жүргізу бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орынбасары А. Мусралиев баяндады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Азимбаев кеңес отырысын қортындылап хаттамалық шешіммен тиісті мекемелерге ТЖ алдын алу, зардаптарын жою бойынша тапсырма берді.

2022 жылдың 5 тамыз күні Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының ұйымдастыруымен құрылымдық бөлімдердің инспекторлық құрамы арасында білімді жетілдіру мақсатында практикалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында мемлекеттік нормативтерге сәйкес автоматты өрт сигнализация қондырғылары мен автоматты өрт сөндіру қондырғыларының орнатылу тәртібі , олардың қолдану реттілігіне тәжірибе алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау саласында тексерілген объектілердің заңдылығына шолу жасалынды.
Тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Кентау қаласының ТЖБ қызметкерлері және № 12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, 2022 жылдың 04 тамыз күні Кентау қаласы, Уалиханов көшесінде жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйлерге газ жүйесі жүруіне байланысты, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және жас балалардың көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлауын алдын алу шаралары жөнінде, сонымен қатар, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Тұрғындарға жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қойылатын талаптар мен ережелердің сақталуы, газ жүйесін қолданғанда қауіпсіздік шараларын сақтау балалар өмірінің сақталуына маңыздылығы жайлы түсіндіре отырып, әрдайым мұқият болуға шақырады.
Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жедел-құтқару арнайы мамандарын тарта отырып, “Тайбурыл” демалыс орнындағы құтқарушыларға оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Суға шомылу ережелері, судан аман алып қалу тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары толық түсіндіріліп, практикалық түрде көрсетілді. Демалушыларға жадынамалар таратылып, құтқарушылардан сұрақ-жауап алынды.
Сауран ауданы аумағында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Шорнақ ауылындағы №24 Өрт сөндіру бөлімі және Сауран ауданы Оранғай ауыл округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Оранғай өзенінде шомылып жүрген тұрғындар мен жас балаларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында, тыйым салынған белгісі бар орындарға және мас күйде шомылмау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертпе жадынамаларын таратты. Сондай-ақ, облыс аумағымен аудан аумағында орын алған қайғылы оқиғаларға шолулар жасап түсіндірілді. Сонымен қатар, арнайы жабдықталмаған су айдындарында шомылуға тыйым салынатындығы және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабардар етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.