Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің құрылғанына 85 жыл толуына және оқу ордасын 1967 жылы бітірген түлек, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толу құрметіне арналған еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған республикалық «Мұхтар Шаханов оқулары» байқауы өтті.

51

 

Басты мақсат – бұл іс шара арқылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ірі, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың шығармаларын насихаттап оны әрімен қарай кеңінен таратып, дарынды балдарды анықтап, көркем шығармаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ат терлетіп келген беделді 13 жоғары оқу орындарынан 21 үміткер қатысты. Олардың ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институты, тағы басқалар болды.
– «Мұхтар Шахановтың оқуларын» осы желтоқсан айында өткізудің өзіндік мәні бар. Себебі, тәуелсіздік қарсаңында болуының өзі бір керемет. Сөз қадірін түсінетін, тіл қадірін білетін жастар арасында осындай сайыстар ұйымдастырылып отырғаны өте қуантарлық жағдай. Студенттер республиканың әр өңірінен келіп отыр. Бір-бірімен тәжірбие алмасып шыңдала түседі. Жастардың өлеңмен өсіп, рухтанып, намысты етіп тәрбиелеу біздің бірден-бір міндетіміз, – деді Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова.
«М.Шаханов оқулары» байқауы екі бағыт бойынша өткізілді. Сайыстың алғашқы легі мәнерлеп оқу. М.Шаханов шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқу. Екінші легі ән байқауы. М.Шахановтың сөзіне жазылған және сазгерлік әндерін орындау. Мәнерлеп оқуда 1 кезеңнен бас жүлде алған студент республикалық байқауға жолдама алады. Байқауда бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 100 мың сыйақы мен сертификаттар берді.
–Өзім осы байқауға қатысқым келіп арнайы ұсыныс тастадым. Осындай жарыстарға қатысуым алғаш рет емес. Рухты ақынның байқауына қатысқаныма қуаныштымын. «М.Шаханов оқуларын» ұйымдастырып, жастардың шыңдалып, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп отырған университетке алғысым шексіз,–деді Қарағанды қаласы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Әуесбек Айғаным.
Мәнерлеп жыр оқу бойынша бас жүлдені Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының шәкірті Идрисова Динара, ал екінші дәрежелі дипломды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Әуесбек Айғаным иеленді. Семей қаласы «Alikhan Bokeikhan University» студенті Рымбекова Зарина 3 орынды иемденді.
Ән байқауы номинациясы бойынша бірінші орынмен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Марлен Сәрсенбайұлы марапатталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі Әбілдалиев Абзал 2 орынды иемденіп, 150 мың теңге мен сертификатқа ие болды. 3 орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің шәкірті Мұхаммед Рызаханұлы қанжығасына байлады.

А.ӘБДІРАХМАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.