ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ.

 

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша Ордабасы аудандық ақпараттық-насихаттық топтардың бүгінгі ауыл тұрғындармен кездесуі Төрткүл ауыл округі Мәдениет үйі ғимаратының мәжіліс залында өтті.

Жиынға ауыл әкімі аппараты кызметкерлері, ардагерлер кеңесі, әжелер алқасы, ауыл билері, білім саласы қызметкерлері қатысты.

Маңызы айрықша болған Президентің кезекті жаңа Жолдауы аясында «Төрткүл» жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Жүзжасарова баяндамалар жасап, Жолдаудағы басым бағыттарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары жарыс сөзге шығып, Жаңа Қазақстанды құру жолында Президент ұсынған Жолдауды қолдап, қуаттап, бірлесіп жүзеге асыратындықтарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.