Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерi, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi «Жас дәурен» тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Мемлекеттік этносаясаттың басымдықтары сөз болған жиында тұрғын алапта қалыптасқан бүгінгі ахуалдар сөз етіліп, сарапқа салынды.

Кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау мен жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың әскери борышты өтеуі сынды маңызды мәселелер ортағы салынып, біршама ұсыныстар да айтылды.

Кездесу соңында, тұрғындар ел бірлігін арттыру жөніндегі бастамаларға белсене қатысуға дайын екендіктерін жеткізіп, халық пен билік арасындағы өзара әрекеттестікті қолдайтындықтарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.