Шымкент қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді.
Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға 3 арнайы көлік жұмылдырылған.
Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.