Түркістан облысында тамшылатып суару әдісіне қосымша 6,9 мың гектар жер ендіріліп, оның  жалпы көлемі 51,0 мың гектарға жетті деп қортындылады Түркістан облысының ның ауылшаруашылығы басқармасы БАҚ өкілдеріне берген мәліметінде. Тамшылатып сурау әдісі бойынша ТО ең алдыңғы орынға шықты. Түркістан дихандары тамшылатып суаратын жердің республикалық үлесі  73 пайыз болған. ТО әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырып бастапты. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады екен.   Айта кетейік, «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.  Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар — жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.  Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді деп хабарлайды ТО әкімінің баспасөз қызметі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.