Тәуелсіздік алумен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келген кейбір жас мемлекеттер – бұрынғы кеңестік республикалар әзірге стратегия ойластыруға ерте екеніне, алдымен күнделікті тіршілік қамын жеңе білу қажеттігіне мойынсұнды. Оларға қарама-қарсы көзқарас ұстана отырып, негізінен күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен айналысты, бәрінен бұрын елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерінен туындайтын болашақ қамын бір сәт Елбасымыз Н.Назарбаев ойынан шығарған емес. 1992 жылдың басында «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы» атты бағдарламаға жасақталды. Мұндай құжатпен  жұмыс істеу Тәуелсіз еліміз үшін әжептәуір қиынға соқты.  Стратегия мәтіні 1992 жылдың 16 мамырында жарияланды. Құжат Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшетінін көрсетті. Көптеген адамдар жете түсінбеді. Жоғарғы Кеңес пен оның басшылығы жекелеген принципті көзқарастарды қайта қарауды талап етіп, халықтың мұндай идеяны қабылдауға әзір еместігін алға тартты. Жоғарғы  Кеңестегі пікірталастар өте қызу болды. Осылайша Қазақстанда Демократияның алғашқы ұшқыны пайда болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.