1990-жылдың бірінші жартысында, экономикалық дағдарыс қыспағына түскен кезде, жаңа мемлекет құру және жаңа экономикаға көшу барлық істі стратегиялық тұрғыдан дұрыс жоспарлағанда ғана сәтімен жүзеге асатынына сенімді болдық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың — стратегиялық тұрғыдан ойлау, қарышты қадам жасап, кең ауқымда әрекет ету – Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулары арқылы саяси жоспарлаудың жаңа жүйесін жасаған кезде қолдануға тырысқан басты ұстанымдары – осылар еді. Парламент мінберінен сөз алған Мемлекет басшысы өз Жолдауын тек кәсіби саясаткерлерге ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына арнап айтады. Бұл орайда, “Жолдау” мемлекеттік саясаттың жаңа міндеттерін жалаң баяндау емес, нақты өмірлік жанды мәселелермен нәрленген, жоғары символикалық мәнге ие еді. Жолдаудан мемлекетіміздің және қоғамымыздың алдағы жылдардағы даму стратегиясының рухы есіп тұрады. «1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» бірінші Жолдау Алматыда 1996 жылдың қазан айында жасалды. Елдің саяси өмірінің негізгі тенденцияларын және ұлттық экономикадағы ахуалды талдаудан басталды. Жас республиканың халықаралық жағдайда өзіне-өзі сенімді болатын реті бар. Өйткені біз қысқа мерзім ішінде орасан зор тарихи маңызы бар іс атқардық – еліміздің ұлан-ғайыр шекара белдеуінде қауіпсіздік орнап, көрші елдермен арадағы татулықты, бейбітшілік пен ынтымақты ту еткен халықаралық-құқықтық іргетасы берік саясаты салтанат құрды. Мемлекеттік құрылыстағы басты жетістік – Конституция мен айқын да анық мемлекеттік билік жүйесі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.