Шығыс Еуропадан Тынық мұхитқа дейін созылып жатқан Ұлы Дала Елі ықылым заманнан бері алып құрлықтың қақ ортасын иемденіп келеді. Еуразия халықтарының жағрапиялық және тарихи байланыстары мен бірлігі, өзім қашанда құрмет тұтатын, белгілі тарихшы және этнолог Лев Гумилев еңбектерінің негізіне айналған. Мен әртүрлі халықаралық бірлестіктердің тәжірибесін мұқият зерттей отырып, Еуразияның ұлы кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістерді белсенді жүргізу қажеттігіне көз жеткіздім. Мен тұңғыш рет еуразиялық бастаманы 1994 жылдың 22 наурызында Ұлыбританияға жасаған сапарым кезінде айттым. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сол кездегі дамуы екі басты тенденцияға – ұлттық мемлекеттің қалыптасуына және экономикалық ықпалдастықтың қажеттігіне байланысты болатын. Елбасымыздың 1994 жылдың 29 наурызында ММУ-де айтқан еуразиялық бастаманы қолдаған ТМД елдерінің басшылары онша көп емес. Алайда посткеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қарым-қатынастардың одан арғы даму логикасы анағұрлым тиімді ықпалдастық қажеттігін растады. Арада алты жыл өткен соң, 2000 жылдың 10 қазанында, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құрды. Біз әлемдегі көптеген бірлестіктер өткен, қарапайым да түсінікті қисынмен жүріп келеміз.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.