Еліміз егемендігін алып, Орта Азияның төрінен орын алған сәттен бастап қашанда сенімді шешімдер қабылдай алу үшін жағдайдың даму барысын алдын ала есептеуге тырысты. 1991 жылдың 25 сәуіріндегі Елбасымыз Н.Назарбаевтың СОКП Орталық Комитетінің пленумында сөйлеген сөзінде кеңестік партия басшылығына, сол кездегі елдегі саяси және экономикалық жағдайға қарағанда, көп ұзамай ұзақ жылдарға созылатын стагнацияның, гиперинфляцияның жаңа ағысына енетінімізді ескертті.  Шынында да, ескі саяси және экономикалық жүйенің ыдырауы, байырғы байланыстардың жылдам үзілуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі әрекеттердің келісілмеуі зор дағдарысқа алып келді. 1992 жылдың 2 қаңтарында Ресейде басталған бағаның ырықтандырылуы сол кезде әртүрлі тәуелсіз мемлекеттерде тұрып жатқан, сұраным созылмалы түрде ұсыныстан басым түсетін тиімсіз кеңестік экономикалық жүйені мұраға алған, бұрынғы КСРО-ның барлық азаматтарын есінен тандырды. Жаңа либералды ақиқаттармен бетпе-бет келген Ресейде заңды түрде мемлекеттік жүйелеуден босатылған баға бірден шарықтап шыға келді. Өкінішке қарай, менің Ресей басшылығын бағаға байланысты радикалды реформаларды, ең болмаса 1992 жылдың жазына дейін тоқтата тұру  туралы ұсынысым сәтсіз аяқталды. Осы бағыттағы мезгілсіз әрекеттердің Қазақстанға да айтарлықтай зардабы тиетіні айдан анық еді. Ол кезде біздің ұсынысымызға ешкім құлақ аспады. Біз күткендей-ақ, нақты шекараның жоқтығынан қазақстандық тауарлар Ресейге тынымсыз құйылып, Қазақстанның ішкі тауар рыногын әлсіретті. Көп ұзамай біздің елімізге, онсыз да тауар қат болып тұрған уақытта, соңғы қордан айырылып қалу қатері төнді. Мұндай жағдайда бізге Ресей үкіметінің жолымен жүруден басқа мүмкіндік қалмаған еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.