Тәуелсіз Қазақстанда — Жаңа тіл саясаты. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жұмыстары қалай жүзеге асты?

Spread the love

Қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуы мемлекетке атауы берілген, көне де бай тіл – қазақ тіліне байланысты әділеттілікті қалпына келтіруді талап ететін. Қазақ тілі – қазақ ұлтының мәдени тұтастығының басты қайнар көзі. Ғасырлар бойы солай болған, болашақта да солай бола береді. 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық пікірталастарда тіл мәселесі басты тақырыпқа айналды. КСРО-ның ұлттық тілдерді дамытуға көңіл бөлмегені өз алдына, тіпті оны жасанды түрде тежеп отырғаны белгілі. «Жаңа тарихи қауымдастық» ретінде кеңес халқы тіршіліктің барлық саласында орыс тілін пайдаланды. Тоталитарлық биліктің мұндай саясатының республикалар, әсіресе қала халқы үшін аянышты зардабы болды. Мәселен, бізде ана тілін білмейтін білімді қазақтардың тұтас буыны қалыптасты. Оның үстіне әлеуметтік-еңбек, мәдени және қоғамдық-саяси қолданыстан іс жүзінде шығарылып тасталған қазақ тілі жаңа лексикамен, ұғымдармен және мазмұндармен мүлде байытылмады, яғни дамымады. Сондықтан да объективті түрде туған тілді тірілту және өзінің жаңа мемлекеттік мәртебесіне орай жаппай қолданысқа енгізу үшін тек қана ізгі ниет аздық ететін. Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң және 1993 жылғы Конституция жаңа тіл саясатының іргетасын қалады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылды, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *