1990-шы жылдардың бірінші жартысы бүкіл ел үшін қиындыққа толы ізденістер мен ауыр шешімдер жылы болды. Жігерленіп, пессимизмге бой алдырмауға тырысқан Қазақстан өзінің бірден-бір сенімді жолын  тапты. Біздің жалпы жүйелі және мақсатты әрекеттеріміздің нәтижесінде 1995 жылы тұрақтылық пен экономиканы сауықтырудың алғашқы белгілері байқала бастады. Бюджет тапшылығын қысқартуға және шығындарды азайтуға бағытталған қатаң қаржылық саясат инфляцияны ауыздықтауға ықпал етті. 1995 жылы ол, соның алдындағы жылдармен салыстырғанда, 60 проценттен кем межені көрсетті. Ал бұл жағымды нәтиже болатын. Ел тәуелсіздік алған кезден бастап тұңғыш рет өнеркәсіп өндірісінің өсімі басталды. 1995 жылы өнеркәсіп 13 процентке өсті. Сыртқы саудада жағымды сауда балансына қол жетті. Экспорт импорттан 1 миллиард 250 миллион долларға артты. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықта сату долларға шаққанда 2,5 есеге өсіп, импорттан 1,7 есе артық болды. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғанын қазақстандықтардың есепшотындағы ақша салымдарының өсу үрдісі дәлелдеді. 1995 жылы тұрғындардың банк салымдары 5-тен 12 миллиард теңгеге дейін өсті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.