Тәуелсіз Қазақстан жетістігі: жаңа ғасыр табалдырығында

Spread the love

1998 жылдың 29 қыркүйегінде «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа туралы» Жолдауымды халыққа жария етілді. Бұл еліміздің жаңа орталығы – Астанада жарияланған алғашқы Жолдау еді. Өткен жылдары етек алған, бүкіл әлемге алапат зардаптар әкелген азиялық қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да әсер етпей қоймады. Ұлттық экономиканы қорғаудың шұғыл шараларын қабылдай отырып, мемлекет жүйелі әрекеттер жасауы тиіс еді, яғни 1998 жылғы Жолдауда жарияланған бағдарламаға сүйенуі керек болды. Оған стратегиялық міндеттермен қатар («Қазақстан-2030» стратегиясының басым бағыттарын ескере отырып, экономиканы дамыту үшін алғышарттар жасау және ынталандыру), тактикалық міндеттер де кірді. Қазақстандықтар үшін өмірлік маңызы бар салаларды апатты жағдайға ұрындырмау үшін алдын алу шараларын жасау керек болды. Өйткені бұл салалардағы дағдарыс халыққа тым ауыр тиер еді. Алдағы уақытта зейнетақы мен жалақы бойынша берешектерді жою, жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында халықты ауқымды қоғамдық жұмыстарға тарту, қысқы уақытта жылу мен электр энергиясын берудегі іркілістерді жою, ауыл тұрғындарынан әділ бағамен кемінде 1 миллион тонна астық сатып алу мәселелері тұрды. Ұлттық банк әлемдік қаржы нарығындағы күйзелісті ахуал күрт төмендеген жағдайда теңге бағамын тұрақтандыру жоспарын әзірледі. 1999 жылдың 16 қыркүйегіндегі «Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты Жолдауының алғашқы жолында Қазақстан басынан өткізген тарихи сәттің тұтас бір дәуірге парапар екенін түсіндіруге тырыстым. Әрбір буын өзі өмір сүрген уақытты өзекті кезең санайтыны бар. Бірақ мыңжылдықтар тоғысындағы бетбұрысты дәуірде өмір сүру мәртебесін біздің буынның маңдайына ғана жазып отыр. Бұл қазіргі толқынға тағдырдың сыйы ғана емес, сонымен қатар уақыттың зілбатпан жүгі; тек мүмкіндік қана емес, тәуекелі мол қауіп-қатер екенін де айтқым келеді. Соңғы онжылдықтағы тартысқа толы күрделі жағдайлардың, күнделікті тірлік тауқыметі мен өмірге деген құштарлықтың қуаты сондай, тарихтың өткені мен келе — шегінің көкжиегі астасып кеткендей көрінеді. Өткенді де еске түсіріп, сонымен қоса, таяу арадағы болашаққа да көз тас тап отыратын бір сирек сәттер болады. Себебі өткенін ұмытқан жанның жадынан өшіп қалған бағзы күндері болашақта қайта айналып, алдынан шығады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *