«Барша халықтың игілігі» мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыты ретінде белгіленді. Оған мемлекет әр адамға кәсіпкерлік еркіндік және өз күш-қуатын өзі таңдаған іске жұмсауға мүмкіндік бергенде ғана қол жеткізуге болатын. Әуелі тұрақтылық, сосын экономикалық өсім, менің түсінігімде, жалақының, зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне міндетті түрде алып келетін. Қазақстан аумағының байырғы қазақ жері екенін, мемлекеттің қазақ мәдениеті мен тілін қайта түлетуге ниетті екенін айта отырып, мен қашанда ұлттық белгі бойынша кемсітушіліктерге жол бермеуді және барлық этностар мен мәдениеттерге маңызды қолдау көрсетуді жалғастырып келемін. Тарихтың одан арғы барысы көрсеткендей, 1992 жылғы стратегия – Қазақстанның мықты президенттік билігі бар мемлекет ретінде дамуын нақтылаған принципті тұрғыдағы маңызды шара болды. 1970–1980 жылдары жылдам әрі тиімді түрде осындай реформалар жүргізе алған Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және басқа да мемлекеттердің үлгісі мұндай жаңғыруды тек ауқымды өкілеттікке және қоғамдық қолдауға ие табанды көшбасшысы бар елдер ғана жүзеге асыра алатынын көрсетті. Жас мемлекеттің жаңа саяси бағытын алғаш қалыптастырған 1992 жылғы стратегия одан кейінгі жылдардағы мемлекеттік құрылыстың іргетасына айналды. Сол құжатта көрсетілген көптеген стратегиялық бағыттар, одан кейінгі экономика мен саясаттағы тұрақтылық пен бетбұрыстар жүзеге асқан кезеңде, толық мәнінде дамытылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.