1995 жылғы жаңа Конституция туралы мәселе көтерілген сәуір референдумынан соң халықпен тікелей және ашық әңгімеге Елбасымыз Н.Назарбаев кірісті және 1995 жылдың 30 сәуіріндегі Үндеуінде елге не үшін жаңа Конституция  керектігі және оның Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін қажеттілігі қандай екені туралы өз көзқарасын халыққа жете түсіндірді. Сол кездегі Әділет министрі Н.Шәйкеновтің басшылығымен арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысын тікелей өз тұңғыш президентіміз назарына алды.  «Сарапшылармен бірге кейде күніне 12–14 сағат Конституция баптарымен жұмыс істегеніміз есімде» дейді Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауларының бірінде.Әлемнің әртүрлі елдерінің конституциялық құрылымы, билік тармақтарының өзара қатынасы, саяси партиялардың жұмысы, адам құқығына, жекеменшікке берілетін кепілдік және т.б. мәселелер жөніндегі көптеген әдебиеттерді қарап шығып, жұмыс тобының алдына әлдекімнің конституциясын құр көшіре салмай, керісінше басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде біздің еліміздің талаптарына барынша жауап бере алатын Негізгі Заң жобасын дайындау міндеті жүктелген. Сондықтан Конституцияның барлық ережелерінен біздің ерекше қазақстандық қолтаңбамыз, біздің халқымыздың өресі мен дәстүрлеріне және болашақтағы перспективасына сәйкесетін өз болмысымыз байқалып тұрады. 1995 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын қарау және заң тұрғысында бағалау үшін ол арнайы құрылған консультативтік кеңеске жіберілді, ал 30 маусымда жалпыхалықтық талқылауға шығарылды. Қазақстандықтар, өздеріне билікпен бір деңгейде елдің ең маңызды құжатын жасауға қатысу сеніп тапсырылғанын түсіне отырып, мәселеге айрықша жауапкершілікпен қарады. Бір айға созылған талқылау барысында олар 30 мыңға жуық ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Солар ескеріліп, Конституция мәтініне 1100 түзету енгізілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.