Тәуелсіз Қазақстан: Мемлекеттік басқару жүйесі. Кәсіби мемлекетке бет алу

Spread the love

«Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретіндегі кәсіби мемлекет тұжырымдамасында орталық және жергілікті билік органдарының қалыптасуы мен қызметінің принциптеріне қатысты жеті тармақты нақтылап берілді. Олар: негізгі функцияларды атқаратын шағын үкімет, әрбір ведомствоның мемлекеттік стратегияны берік ұстануы; ведом ствоаралық және өңіраралық үйлестіру жұмыстарының мүлтіксіздігі; минис трлердің өкілеттіктерін кеңейту мен олардың жауапкершілігін арттыру; министрліктер ішіндегі орталықсыздандыру жүйесі (орталықтан – өңірлерге), белгілі бір мемлекеттік функцияларды жеке секторға беру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес; жалдау жүйесін жетілдіру, кадрларды дайындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру.  Жаңа типтегі мемлекеттік қызметкердің қалыптасуына ерекше мән берілуде. Мемлекеттік қызметкер ұлт қызметшісі, патриоты, сондай-ақ өте әділ, өз ісіне адал және кәсіби білігі жоғары адам болуы қажет. 1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік лауазымдар саяси және әкімшілік қызмет болып екіге бөлінді. Мұның өзі мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етті. Бұдан былай мемлекеттік қызметке білім-білік бәсекесінде озып шыққан маманның келуіне жол ашылды. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды біз орталық органдардан бастадық. 1997 жылдың наурызында министрліктер мен ведомстволар саны екі есе қысқарды және олардың жұмыс принципі түбегейлі өзгерді. Енді әрбір тапсырманы нақты орындау мерзімі белгіленді. Мамырда еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізілді. 19 облыс орнына –14 облыс, 230 аудан орнына 169 аудан құрылды. 1997 жылғы әкімшілік-аумақтық реформа негізінде сыртқы шекарасы мемлекеттік шекара болып табылатын облыстарды қайта құрудың үлкен маңызы бар еді. Шекаралас өңірлерді ірілендіру олардың жағдайын тұрақтандырып, егемен Қазақстанның біртұтастығына ықпал етті. Іріленген облыстар шекарамен шектес қалалардың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан болып, тұтастай өңірлердің атымен аталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *