Жаңа үшінші кезеңде отандық өнеркәсіптің көшбасшылары – ірі кәсіпорындар және электр энергетикасы мен мұнай өнеркәсібі сияқты стратегиялық салалар нысандары жекешелендірілді. Бұдан былай мемлекеттік меншік жеке қолға тек бір ғана жолмен – сатып алу жолымен көшетін болды. Экономиканың барлық салалары үшін арнайы бағдарламалардан басқа, кәсіпорындар үшін жеке жобалар әзірленді. Бұл жобалар сарапшылар бағалауы негізінде, орталық және жергілікті биліктерден түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалды. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 14,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік нысандары жекешелендірілді. Осы кезеңде өндіріске капитал салуға жеткілікті ресурстары бар өзіміздің отандық инвесторлар алғаш рет белсенділік танытты. Ірі кәсіпорындарды сенімді басқаруға беру және одан кейін сату нәтижесінде мемлекеттік және жекеменшік капиталының қатысуымен жаңа өнеркәсіп алыптары – «Қазақмыс», Еуразиялық топ, «Қазмырыш», «Қазхром» және т. б. құрылды. 1999 жылы басталған жекешелендірудің төртінші кезеңінде барлық мемлекет меншігі республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінді. Коммуналдық меншікке – мемлекетке тиесілі әртүрлі бизнес-құрылымдардағы акциялар, 953 акционерлік қоғам мен серіктестіктер үлестері өтті. Бұл нысандар жергілікті билік органдарының шешімі бойынша жекешелендірілуі мүмкін еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.