Қазақстан Республикасының алғашқы даму стратегиясы кеңестік идеология күйреген аймақта құрылған қатерлі дүниетанымдық вакуум жағдайында жасалғанын айта кетуге тиістіміз. Басқа республикалардың тұрғындары сияқты, қазақстандықтар да абдырап, торығуға түсті, жаңа бағдарлар мен идеалдарды аңсады. Олардың ұсақ, бір сәттік пайдаға ден қойып, елдің болашағы мен өмірдегі өз орнын жоғалтуына жол беруге болмайтын еді. 1992 жылғы стратегия ел үшін аса қатерлі әлеуметтік сценарийге қарсы маңызды тетік болды. Бұл кезде дағдарыс шырқау шегіне жеткен еді. Алыс болашақты қоя тұрып, елге орта мерзімді перспективалармен нарықтық экономикасы дамыған және соған тиянақ болатын заңнамасы, халықтың еркі мен парасаты салтанат құратын қоғамы бар, күшті де тәуелсіз мемлекет құрудың нақты қадамдарын ұсындым. Жылдар өте келе, менің алғашқы прагматикалық жоспарды «күнкөріс стратегиясы» деп атауым кездойсоқ емес еді. Республиканың алдында өзінің мемлекеттілігін нығайту міндеті тұрды, демек биліктің тиімді институтын қалыптастырып, әлемдік мойындауға қол жеткізу, басқа елдермен әріптестік қарым-қатынасты реттей отырып, әртүрлі халықаралық ұйымдарға белсенді түрде қатысу керек еді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.