Тәуелсіз Қазақстанға — шетелдік инвестициялар және өнеркәсіп қалай тартылды?

Spread the love

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біздің елімізде мен прогрессивті әлемдік тәжірибені қолданып, басқа елдердің табысының себептерін талдауға ұмтылдым. Ли Куан Юмен алғашқы кездесулердің өзі Сингапурдың басты құпиялары инвестиция тартуда жатқанын көрсетіп берді. Қазақстанның ерекшелігін есепке ала отырып, біз осы жолмен алға жүруге шешім қабылдадық. 1990 жылдары қазақстандық бизнесмендер ірі кәсіпорындардың тиімді жұмысына жауап бере алатын толыққанды инвестор бола алмады. Оларда жеткілікті қаржылық капитал да, технологиялар да, кадрлар да, тәжірибе де, халықаралық байланыстар да, тұтыну арналары да болған жоқ. Жаңа  тәуелсіз мемлекетке шетелдік инвесторлар ауадай қажет болды. 1990 жылдардың басында оны екінің бірі түсіне алмайтын: көптеген адамдар шетелдік капиталды Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне төнген қатер деп ұқты. Біздің елімізде ондай фобия ешқашан болған емес және әлемдік бизнеспен тең жағдайда диалог орната білдік. Ірі шетелдік бизнесті ауқымды инвестицияларға өте мұқтаж қазақстандық өнеркәсіп жобаларына тарту үшін, шынында да, үлкен күш-жігер керек болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *