1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы көші-қон ағысының күшеюі барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерге ортақ құбылыс болды. 1990 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстаннан жаппай көшудің сан алуан факторлары бар еді. Экономикалық дағдарыс өндірістің қысқаруына әкеліп соқты, кәсіпорындар жабылып, жұмысын тоқтатты, адамдар жұмысынан айырылды және оларда ертеңгі күнге деген сенім болмады, алаңдаушылық көңіл күй қалыптасты. Көптеген адамдар тарихи Отанына оралуға тырысты. 1990 жылы елден кеткендердің көпшілігі тұратын жері ретінде Ресейді, Украина мен Беларусьті таңдады. Қазақстандық немістер Германияға көшті. Еліміздің тұрғындар саны айтарлықтай азайып, ауылдар мен моноқалалар қаңырап қалды. Осының бәрі Қазақстанның адами және экономикалық әлеуетін әлсіретіп, оның болашағына қатер төндірді және биліктен қоғамды біріктіруге, экономикалық жағдайды түзеуге бағытталған шаралар қабылдауды талап етті. Дегенмен көші-қон үдерісі елді тек қана демографиялық шығынға ұшыратып қойған жоқ, сондай-ақ оның алдынан жаңа мүмкіндіктер де ашты. 1995 жылдың наурызындағы ҚХА-ның бірінші сессиясында Елбасымыз Н.Назарбаев «тұрақтылықтың қуатты белдігі» ретінде кезінде тарихи отанынан ажырап қалған қандастарымыздың мәдениетін, Қазақстанмен ақпараттық және адами байланыстарын үзбеуін айтқан еді. Біздің еліміз туралы шынайы ақпараттардың кеңінен таратылуы таяу және алыс шетелдердегі біздің достарымыздың санын көбейте түсті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.