Еңбекші ауданының белсенді азаматтарымен және билерімен кезекті кездесу өтті.

Жиында аудан әкімі Д.Есілбек алдыңғы кездесулерде аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерінен және аудан тұрғындарынан 48 шешімі табылмай жатқан сұрақтар келіп түскенін жеткізіп, ол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Қазіргі таңда 48 тапсырманың 9 тапсырмасы орындалды. 39 тапсырма жұмыс барысында. Оның ішінде 35 тапсырма жыл соңына дейін басқармалардың берген мәліметтеріне сәйкес толығымен орындалады. Қалған төрт тапсырма 2023 жылы толығымен орындалады деп жоспарлануда»,-деді аудан әкімі.

Атап айтқанда «Қаратөбе» аумағында орналасқан емханаларға тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілді. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағаналары ауыстырылды. Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан ойын алаңшасы жарықтандыруға қажетті 6 бағаналар орнатылды. Маятас т/а Көлді көшесі бойына 7 дана, Елтай т/а Найзатас көшесі бойына 6 дана , Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесі бойына 3 дана, Айнатас т/а орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылды.

Сонымен бірге «Қазығұрт» аумағының дамуы туралы төлқұжаты әзірленіп, «Қазығұрт» аумағы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынды. Күнделікті «НұрОлжа» ЖШС-і тарапынан аптасына 2 рет тиісті жұмыстар жүргізілуде. Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елді – мекендердегі 3000 үйге бекітілген лимит шегінде ( 16 млн м3) ағын су берілуде. Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен Қарабастау тұрғын алабында бүгінде 100% тұрғын үй электр қуатына қосылды.

Аудан тұрғындары хаттамалық тапсырмалар орындала бастағанын, қолға алынған жұмыстар халыққа түсіндіріліп жатқанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.