Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «7-20-25» және «5-10-20» жобасымен кімдер пәтер ала алады

Spread the love

Түркістан облысында 7-20-25 бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны баршамызға мәлімі. Барлығы дерлік халықтың үйлі болуына ықпал жасау. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды Медиаон Ақпарат аталған банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті. Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады: — несие мөлшерлемесі 5%; — бастапқы жарна 10%-дан бастап; — несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін. «5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *