Түркістанда пара волейболдан ардагерлер арасында республикалық чемпионат басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Футболдан еліміздің 2021 жылғы үздік жас ойыншысы анықталды Қазақстандық таэквондошы Бельгияда өткен турнирде жеңіске жетті Психолог ұзақ демалыс күндерін стрессіз қалай өткізуге болатынын ұсынды Қазақтың салт-дәстүрін жеңгелерімнен үйрендім – Людмила Боброва Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы додаға ардагер спортшылар қатысып жатыр. Ел біріншілігінде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан бөлек өңірлерден келген 6 команда бақ сынауда. Үздік деп танылған жүлдегерлерге кубок, медальдар мен дипломдар табысталады. Салауатты өмір салтын насихаттау және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды спорт әлеміне көптеп тартуға жағдай жасау мақсатында өтіп жатқан сайысқа қатысушылар 11-13 наурыз аралығында өзара үздіктерді анықтайды. Айта кетейік, республикада бесінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс Түркістанда тұңғыш рет өтуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.