Түркістан облысында «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы ауылшаруашылығы саласында өте жақсы жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатарында. Еңбектенгеннің егіні бітік шығады. Мұны Сайрам ауданының шаруалары жақсы біледі. Биыл ауданда 53 040 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Өткен жылы оның көлемі 52 288 гектарды құраған болатын. Атап айтар болсақ, оның ішінде бидай алқабын 15800 гектарға ұлғайту көзделген. Ал, арпаны – 1800, дәндік жүгеріні – 350, бұршақты дақылдарды – 150, мақсары 10100 гектарға егу межеленген. Сонымен қатар, 100 гектарға күнбағыс, 12300 гектарға ескі жоңышқа, 4100 гектарға жаңа жоңышқа, 200 гектарға сүрлемдік жүгері, 4500 гектарға көкөніс, 3500 гектарға картоп отырғызылмақ. Оның ішінде картоп егістігінің көлемі 3500 гектарға көбеймек. Сайрам ауданы Түркістан облысының ауылшаруашылығына өлшеусіз үлес қосып отырған экономикасы мықты, мығымдалған аудандар санатында. Сондай-ақ агро бизнесте алатын орны айрықша.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.