Бұған өңірдегі бүгінгі жағдай мүмкіндік береді. Осы бағытта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына аса басымдылық беріп, жылдан-жылға сала қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 480,4 миллиард теңге, нақты көлем индексі 105 % құрады. Соңғы бес жылда шамамен 2 есеге ұлғайды. Жалпы өнімнің Республикадағы шаққандағы үлесі 13 % құрады. Бұл облыстың аграрлық саласының экспорттық және алдағы уақытта Республика халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін Орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғарғы екендігін көрсетеді», — деді басқарма басшысы. Елбасы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу керек» деп, ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндеттер жүктеді.
Осы Жолдауда белгіленген міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталған Серік Тұрбеков 2021 жылға дейін агроөнеркәсіп кешені экспортының көлемі 35 %-ға, 90 мыңнан астам жеке фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 600-ден астам кооперативтер құру және 118,8 мың суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Медиаон ақпарат