Жаңа камералар Тәуке хан мен Саттарханов даңғылдары бойынша, Қызылорда тас жолы бойындағы «Газпром» ЖҚС ауданында, Кентау, Атабай, Балтакөл және Шымкент тас жолдары бойынша орнатылды. Сондай-ақ камералар Жібек жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, С.Қожанов, Қарадауов көшелерінің қиылысында, Мега-орталық ауданында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Тәуелсіздікке 10 жыл, Бірлік, Шектітілеу, Әл-Фараби және Сандыбай көшелерінде де жұмыс істейтін болады.

«Егер сіз жол қозғалысының қандай да бір ережелерін бұзсаңыз, мұның бәрі бейнебақылау камералары мен бекіту жүйелерінің назарынан тыс қалмайды. Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.