Негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын Жетісай ауданында шаруалар ауа-райының жылынуын тиімді пайдаланып, 137 гектар жерге мақта шитін сеуіп үлгерді. Өткен жылы 44 мың гектар алқапқа егілген мақта шитінен 114 мың тонна «ақ алтын» жинаған жетісайлық дихандар күн көзінің жылуын тиімді пайдаланып, шит себу жұмыстарына кірісіп кетті. Қазірдің өзінде шаруа қожалықтар 137 гектарға мақта шитін сеуіп үлгерген. Нақтырақ айтар болсақ, Ж.Ералиев ауылдық округінде 73 гектарға, Жылы су ауылдық округінде 23 гектарға, Атамекен ауылдық округінде 26 гектарға, Мақталы ауылдық округінде 15 гектарға алқапқа техникалық дақылды егу жұмыстары жүргізілген. Қалған алқаптарға мақта дақылын егу үшін агротехникалық жұмыстар жүргізілуде. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетовтың айтуынша биыл Жетісай ауданында тұқымдық шиттен тапшылығы болмайды. Өйткені, өңірдеотандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен импортталған 1626,3 тонна шит дайындалатын болады. Аудандағы дайындалған 1441,7 тонна тұқымдық шиттің 1051 тоннасын шаруалар қазірдің өзіндн сатып алып қойған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.