Түркістан облысында созылмалы вирусты гепатиттің тіркелуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 жағдайға азайған. Дәлірек айтсақ, 2021 жылдың 3 айындаөңірдевирусты гепатиттіңсозылмалы түріне шалдыққан 138 жағдай тіркелсе, осы жылдың сәуір айына дейін 117 науқас есепке алынды. Вирустық гепатит клиникалық белгілері бойынша жіті және созылмалы деп бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 ай және одан да көп уақытқасозылатын бауырдың қабынуы. Ал, жіті вирусты гепатитті уақытындаемдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттіңА, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады. Созылмалы гепатитті дамытатын вирустар қан, жыныстық қатынас және плацента (анадан балаға) арқылы жұғады. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, елімізде созылмалы вирустық гепатиттің алдын алу, анықтау және оны емдеу денсаулық сақтау саласының алдыңғы кезекте тұрған проблемаларының біріне айналған. Мамандардың сөзіне сүйенсек, созылмалы вирустық гепатиттің байқалуы әдетте, кезеңдік болып келеді. Созылмалы гепатит біраз уақытқа дейін жасырын күйде болып, байқалмауы да мүмкін. Ал, оның алғашқы белгілері – бауыр көлемінің ұлғаюы, іштің ауыруы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта), оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы және майлы тағамның жақпауы, әлсіреу мен шаршау, жүрек айнуы, кіші дәрет түсінің күңгірттеніп, керісінше үлкен дәрет түсінің ашық бола бастауы, сонымен қатар, тері мен көз ағының сарғыштануы. Вирустық гепатиттің белгілері байқалған жағдайда бірден медицина мамандарына барып қаралу қажет. Аурудың алдын алу үшін гепатитке қарсы вакцинаның маңызы ерекше көрінеді. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, дәл осы екпе салу шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Қазіргі медицинада A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің де алдын алуға көмектеседі екен. Ал, С гепатитіне қарсы вакцина әзірге жасалмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.