Жылдық жоспар бойынша 32 млрд 788 мың теңгенің өнімін өндіру межеленіп отыр. Түлкібас ауданы, Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд 924,2 млн теңгені құраған, деп хабарлайды. Егін шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда биылғы жылы нақты егіс көлемі 65901,3 гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1309 га артып отыр. Қарқынды жеміс-жидек егу межесі 175 га орындалған. Оның ішінде қарқынды жүзім 6 гектарға, жаңғақ 42 гектарға егілген. Ал, тамшылатып суғару әдісі бойынша ауданда егіс көлемі биыл 500 гектарға жеткен. Сондай-ақ, қосымша 3 га жерге жылыжай салынды. Соңғы 5 жылдың көлемінде облыс деңгейінде Төлеби ауданы астық және майлы дақыл өндіру бағытында 1-2 орындардан көрініп келеді. Астық және майлы дақылдардың көлемі өткен жылдарға қарағанда артығымен жиналып отыр. Мал шаруашылығына келетін болсақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ 67,0 мың бас, ұсақ мал 194,8 мың бас, жылқы 30,8 мың бас, құс 264,4 мың басты құраған. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда қыркүйек айында ет 11,0 мың тоннаға, сүт 55,7 мың тоннаға, жұмыртқа 13,8 млн. данаға жеткен. Ауданда қымыз өндіру саласының дамуына байланысты қой басы соңғы 4 жылда кеміп, жылқы 8500 басқа артқан болатын. Сол себепті 2018 жылы мемлекеттік қолдау шаралары 48 шаруашылыққа көрсетіліп, 716,8 тонна қымыз өндіргені үшін 78,8 млн. теңге субсидияға қол жеткізді. Ал, қосымша 6 шаруашылық қосылып, 54 шаруашылыққа ұлғайған. Қазіргі таңға 888,3 тонна қымыз өндіргені үшін 53,3 млн теңге (субсидиялау бағасы 110 теңгеден 60 теңгеге төмендеуінен) мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.