Бүгін Түркістан өңірімізге Грузия мемлекетінен 3 500 дана үш қабатты бетперде мен 23 дана биоқауіпсіздік және 40 дана медициналық қорғаныш киімдері, Израиль елінен 20 дана медициналық оқшаулау киімдері, сондай-ақ «Хуавей Технолоджиз Казахстан» компаниясынан 23 дана термометр гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған орай, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, аталмыш медициналық қорғаныс құралдарының облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына толық тасымалдануын қадағалады.

Зерделеу барысында Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері келіп барлық жеткен қораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауы бойынша нақты шаралар атқаруда.

Айта кетсек, күні ертең Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне толық жөнелтілуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.